Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады.
"Кассациялық соттар келесі жылы жұмысын бастайды": Тоқаев Малаховты қабылдады
Фото: Ақорда
640
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Кездесуде Жоғары сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланған. 

«Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын айтты. Президентке кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайтыны туралы баяндалды. Оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды», – деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндет жүктеді.