24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталды.
Астанада көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріліп жатыр
Фото: borovsk.gosuslugi.ru
821
оқылды

Сыртқы ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, әкімдік 2024-2025 жылыту маусымының басталуы туралы қаулы қабылдады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталды. Барлық нысандарды толық қосу екі-үш күн ішінде жоспарланып отыр.

Бұған дейін әлеуметтік нысандар олардың өтінімдері бойынша (мектептер, балабақшалар, емханалар) жылуға қосылған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.