Қаза болған адам – слесарь Нұрдәулет Нұрмаханов 2012 жылдан бері осы компанияда жұмыс істеген.
Үйінді астында қалған кеншінің денесі 6 күннен соң табылды
Фото: altynalmas.kz
376
оқылды

18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы алтын өндіретін "Алтыналмас" компаниясының "Ақбақай" тау-кен байыту кешенінде тау жынысы опырылып, үйінді астында қалып қойған жұмысшының денесі 6 күннен кейін табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Арада алты күн өткенде, 23 қыркүйекте компания жұмысшы "жазатайым оқиға салдарынан қаза болды" деп хабарлады.

Қаза болған адам – слесарь Нұрдәулет Нұрмаханов 2012 жылдан бері осы компанияда жұмыс істеген. "Алтыналмас" марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетіледі деп мәлімдеді.

Компания төтенше оқиға туралы 18 қыркүйекте емес, бір күннен кейін хабарлады. Тау-кен байыту кешеніне құтқару тобы барып, үйінді астында қалған жұмысшыны іздеген. Компания тау жынысы жылжып кету қаупі бар және географиялық орны күрделі болғандықтан, опырылған жерді аршу қиын болып тұр деп хабарлаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.