Атмосфералық фронтальды бөлімдер елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды – найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында – қар, солтүстігінде – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады.
Жаңбыр, қар, тұман: 25 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
4,349
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 25 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды – найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында – қар, солтүстігінде – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады. Республиканың солтүстік-батысында, орталығында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.