Әнші Ақбота Керімбекова Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында әріптесі Нұрболат Абдуллинді сынға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол әріптесінің көрген жерге амандаспай кететінін, жұлдыз «ауруына» шалдыққанын айтты.
«Нұрболат Абдуллиннің әншілігін жоққа шығармаймын. Өзіндік үні бар. Бірақ сый-құрмет жағынан қатты сыйлаймын деп айта алмаймын. Мұны өзі де түсінер. Жалпы, ондай пікірде жалғыз мен ғана емеспін деп ойлаймын. Оның себебін айтсам, қазір жарқырап шықты ма, кеуделерін аспанға тіреп қояды. Өмірінің соңына дейін солай жүретін сияқты. Қасыңда тұрып амандаспай кететін әншілеріміз бар, жастар. Көріп тұрып көрмегенсіп кететіндерді де көз көріп жүр. Ондай адамдарды мен сыйламаймын. Мен Нұрболат Абдуллинді солардың қатарына жатқызамын. Оны өзінің бетіне де айтқанмын, айтамын да. Мына көкірегін түсірмесе ертең біздің жасымызға ол да келеді. Оның артынан мықтылар да шығады. Адам барынша қарапайым болуы керек. Жұлдыз болдым екен деп көкірегін керудің қажеті жоқ», – деді Ақбота Керімбекова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.