Флойд Мейвезердің бұрынғы әйелінің мүрдесі табылды
Флойд Мейвезердің бұрынғы әйелінің мүрдесі табылды
Фото: Дереккөзден алынды
5,238
оқылды
Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы, бес салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы Флойд Мейвезердің азаматтық некедегі бұрынғы әйелі өлі табылды, – деп хабарлайды TMZ Sports-ке сілтеме жасаған Tengrinews.kz. 40 жастағы Джози Харристің мәйітін Валенсиядағы (Калифорния штаты) үйінің маңындағы көліктің ішінен тапқан. Басылымның жазуынша, әйел адамның денесінен зорлық белгілері анықталмаған. Іс адам өлімі дерегі бойынша қозғалған.   [caption id="attachment_27327" align="alignleft" width="740"] width= Фото: Дерекөзден алынды[/caption] Джози Харрис пен Флойд Мейвезер 1995-2010 жылдары кездескен. Екеуінің Кораун, Зайон және Джира есімді баласы бар. Үлкені 15-те. 2010 жылы боксшы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін екі ай түрмеде отырған: ол әйелін балаларының көзінше ұрып-соққан. Кейін Флойд «Джози есірткі қолданады» деп айыптаған. Боксшының әйелі жауап ретінде күйеуін сотқа беріп, жала жапқаны үшін 20 миллион доллар талап еткен.