Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу.
Атырауда өртенген пәтерден әйел адамның мәйіті табылды
676
оқылды

Атыраулық құтқарушылар өрт кезінде 67 адамды құтқарып, эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырауда "Алмагүл" ықшамауданындағы жеті қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы  пәтерде өрт болған. Жалпы, 74 шаршы метр алаңды қызыл жалын шарпыған.

ТЖД күшімен автосатымен және баспалдақ маршымен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды және 54 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды.

– Өрт сөндірілді. Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның мәйіті табылды. Сондай-ақ 1994 жылы туған жігіт күйік алып ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу,  делінген ведомство хабарламасында.