Жақындарынан айырылған сотталушы бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген.
Бүтін бір отбасы қаза тапқан жол апатына марқұмдардың туысы кінәлі болып шықты
4,126
оқылды

Ақтөбеде бүтін бір отбасы қаза тапқан жол көлік апатына қатысты сот басталды. 28 жастағы сотталушы марқұмдардың ет жақыны, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға осыдан бір ай шамасында болған еді. Фольксваген тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші Қобда ауданындағы Әлия ауылының маңында жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Мерседес жүк көлігімен соқтығысқан. Салонда жүргізушінің анасы мен өгей әкесі, ағасының екі баласы мен туған бауыры болыпты. Олар сол жерде қаза тапты.

Жақындарынан айырылған сотталушы бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген. Апаттан өзі де ауыр жарақат алған.

– ҚР Қылмыстық кодексінің  345-бабы  4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, яғни көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеті үшін айыпталған, – деді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Әлия Тілеуова.