Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан мен Германия қылмыстық-құқықтық саладағы ынтымақтастықты нығайтпақ
596
оқылды

Бас прокуратурада Мюнхенның (ГФР) Бас прокуроры Рейнхард Рёттлемен кездесу өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесудің мақсаты  халықаралық ынтымақтастықты нығайту, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылау және прокурорлық қызметте ІТ технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу. 

Кездесу барысында Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов қонақтарды Қазақстан прокуратурасының мемлекеттік органдар жүйесіндегі рөлі мен орны, сотталғандардың құқықтарын қорғау, активтерді қайтару және бизнесті қорғау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Қазақстан мен Германия арасындағы, оның ішінде қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

Практикалық тәжірибемен алмасу мақсатында қонақтарға Бас прокуратураның Ахуалдық орталығының мүмкіндіктері мен оның жұмысындағы жоғары технологиялардың қолданылуы туралы, оның ішінде тұлғаны анықтау және елдегі криминогендік ахуалға мониторинг жүргізу жүйесі көрсетілді.

Германия делегациясы оларды қабылдап, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға қызығушылық танытып, өзекті мәселелер бойынша ұсынылған ақпарат үшін алғысын білдірді.