Танымал әуесқой әнші, блогер Мұрат Әбділда абақтыда отырғанда да өнерден қол үзбеген.
Бәрі мені сыйлады: Мұрат Әбілдә түрмедегі өмірі туралы баяндады
874
оқылды

Блогер мекемедегі жігіттердің өзіне көрсетілген сый-құрметін есіне алды, деп жазады Aikyn.kz.

“Абақтыға бостандықта жүріп, түрлі сәтсіздікке ұшыраған жігіттер келіп жатты. Олар бұрынғы ішіп, балағат сөз айтып жүргенімді көріп, мені дені дұрыс емес деп ойлайды екен. Мені көріп, "маймыл" көргендей күледі. Мен өмірде  салмақты адаммын. Бастапқыда солай қарап жүреді. Содан шақырып алып, "Бауырым, сен неге күліп жатырсың? Күле беретін мені "маймыл" көріп тұрсың ба?" дейтінмін. Содан жігіттер түсініп, мені барлығы дерлік "Мәке" деп сыйлап кетті”, – деп бастады әңгімесін әнші. 

Сондай-ақ түзету мекемісінде тез бейімделіп, еркін жүргенін де жасырмады. 

“Екі жарым жылдың ішінде өзіне емін-еркін жүруге мүмкіндік берген түзету мекемесіне алғыс айтамын. Олар менен "2,5 жыл қалай сабырлық танытып жүрсіз, менің жүйкем жұқара бастады, бұрын сізді біртүрлі деп ойлаушы ем" дейтін. Мен түзету мекемесінде де ешкімге зиянымды тигізген адам емеспін. Бәрі мені сыйлады, "Мұрат Әбділдә" деп еркелетті, емін-еркін жүрдім, шектеу қойған жоқ. Мекемедегі мәдениет сарайы менікі болды. Түрлі іс-шараларды ұйымдастыру менің мойнымда болды", – деді Мұрат Әбділда.