Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.
Жасөспірім қызын 25 мың долларға сатпақ болған әйел сотталды
862
оқылды

Өзбекстанда 41 жастағы әйел жасөспірім қызын сатпақ болғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Әйел 13 жастағы қызын 25 мың долларға бағалап, қаражатты алғаннан кейін мейрамханада тұтқындалды. Ол өзінің үйі жоқ екенін алға тартып, бұл қадамға дәл осы себептен барғанын айтты. Сондай-ақ жасаған ісіне өкінетінін де жасырмады.

Сот оны кінәлі деп тауып, бес жылға соттады. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Ал  балалары мемлекеттік қорғауға берілді.