Тараптар филиал шеңберінде барлық үш деңгей (бакалавриат, магистратура және докторантура) кезекпен жүйелі түрде енгізілетініне келісті. 
Астанада британдық университеттің филиалы ашылады
1,748
оқылды

24 қыркүйекте Кардифф университетінің өкілдері, провост Рудольф Конрад Аллеман, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Нерис Энн Морган және Оксфорд университетінің «Бір сөз» бастамасының директоры Лейла Наджаф Зада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҒЖБ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1883 жылы негізі қаланған Кардифф университеті Ұлыбританияның зерттеу университеттерін біріктіретін беделді «Рассел» тобына кіреді. ​Халықаралық рейтингтерде Кардифф университеті қоршаған орта туралы ғылым, инженерия, медицина, құқық және сәулет сияқты салаларда жетекші орын алады.

Кездесу барысында тараптар филиал құрудың егжей-тегжейлерін, алдағы айларға арналған даму жоспарларын және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ филиалдың болашақ білім беру бағдарламалары, әсіресе педагогика, инженерлік пәндер және IT сияқты өзекті бағыттар қарастырылды. Таулы аймақтағы геологияға, жаңартылатын энергияға және білім беру бағдарламаларына ерекше назар аударылды.

Тараптар филиал шеңберінде барлық үш деңгей (бакалавриат, магистратура және докторантура) кезекпен жүйелі түрде енгізілетініне келісті. Кездесуде филиалдың маңызды аспектісі зерттеу қызметі болатыны айтылды.

Доктор Р.Аллеманның айтуынша, Кардифф университеті Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін трансформациялауға өз үлесін қосуға дайын.