Жол апаты дерегі бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізіледі.
Оралда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
585
оқылды

Орал қаласында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz mgorod.kz-ке сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні шамамен сағат 6.15-те Пугачев көшесінде болған. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ-21703 көлігінің жүргізушісі жолды дұрыс емес жерде кесіп өткен әйелді қағып кеткен.

– Ол алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Жол апаты дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіледі. Көлік арнайы автотұраққа қойылды, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген ақпаратта.

Көлік жүргізушісі полиция қызметкері болған. Осы оқиғадан соң полиция қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды.