Алматы Менеджмент университетінің басшылығы марқұмның жақындарына көңіл айтып, оның отбасына қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Алматыда студент көз жұмды
Фото: ҚР ІІМ
917
оқылды

Алматыда Almaty Management University-нің студенті қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы Менеджмент университетінің басшылығы марқұмның жақындарына көңіл айтып, оның отбасына қолдау көрсететінін мәлімдеді.

«Almaty Management University студентіміздің қайғылы қазасы туралы терең күйзеліспен хабарлайды. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Университет барлық қажетті қолдауды көрсетіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға көмектеседі», – делінген хабарламада.

Университет бұқаралық ақпарат құралдарынан марқұмның отбасына құрметпен қарап, тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.