Балқашта жылу магистральдық құбырларын ауыстыру кезінде үш адамның сүйегі табылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.
Магистральдық құбырларды ауыстыру кезінде Әлімжанова мен Калмыков көшелерінің қиылысында адам сүйектері табылған. Оларды жер қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компанияның жұмысшылары тауып алған. Бұл туралы олар полицияға хабарлаған.
Айтуларынша, көрсетілген жерге жеткен офицерлер окоптан үш адамның қаңқасын тапқан. Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі адам сүйегі табылғанын растады.
"Факті полицияға тіркелді, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мамандар қаңқалардың жерастында қанша уақыт жатқанын және өлімнің зорлық-зомбылық болған/болмағанын анықтауы керек. Полиция сонымен бірге өлгендердің жеке басын анықтайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.