Республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, республикамыздың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі, түнде ауа температурасы 2-7 аязға дейін төмендейді.
"Жаңбыр, қар, 7 градус аяз": 26-28 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды
2,841
оқылды

"Қазгидромет" РМК 26-28 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуімен, республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, республикамыздың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі, түнде ауа температурасы 2-7 аязға дейін төмендейді. Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, орталығында солтүстік-батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +20+27°С дейін, солтүстікте, орталықта +15+23°С дейін, қиыр оңтүстікте +18+25°С дейін, оңтүстік-шығыста +12+20°С дейін баяулап көтеріле бастайды, еліміздің шығысында ауа температура +3+11°С шамасында болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.