Оқырмандардың көбі әншінің күйеуіне қатысты сұрақтар қойған.
Әнші Мақпал Исабекова күйеуіне қатысты сұрақтарға жауап берді
Фото: instagram.com/ makosyai
20,277
оқылды

Танымал әнші Мақпал Исабекова оқырмандарының жеке өміріне қатысты сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Оқырмандардың көбі әншінің күйеуіне қатысты сұрақтар қойған. 

 "Неліктен күйеуіңізді көрсетпейсіз? Ол қарсы ма? Әлде ол сіздің күйеуіңіз емес пе?" деген сұраққа өнер иесі кеңінен тоқталды. 

"Ол менің күйеуім емес. Ол үйленбеген. Ол ұсқынсыз. Ол бандит. Мен оның тоқалымын. Нұсқа көп, өзіңізге ұнайтынын таңдаңыз. Маған бәрібір", – деп әзілдеді әнші.

Айта кетейік, өнер иесі жақында сахнаға шығатынын айтты. 

“Құдай қаласа, менде керемет жоспар бар”, – деді Мақпал. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.