Алматының сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы оқу-жаттығу барысында әртүрлі қаруды қолданудың сыртқы белгілеріне ұқсайтын жабдықтар қолданылатынын мәлімдеді.
"Алматыда атыс дыбысы естіледі": әкімдік қала тұрғындарына үндеу жасады
Фото: gov.kz
8,415
оқылды

Алматы 26 қыркүйекте аумақтық қорғаныс бойынша "Қорғау-2024" арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Алматының сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы оқу-жаттығу барысында әртүрлі қаруды қолданудың сыртқы белгілеріне ұқсайтын жабдықтар қолданылатынын мәлімдеді (дыбыстық эффект, оқтың жарқылы, снаряд немесе минаның жарылысы кезіндегі бұлт тәріздес түтін, қоспалар мен аэрозольдердің шашылуы). 

"Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына алаңдамауды және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқу-жаттығу Жетісу ауданында, "ЖЭО-1" аумағында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.