Ол бұған ата-аналардың жауапсыздығы себеп болып жатқанын алға тартты.
Балаларды өлімге итермелеп жатқан ойын емес. Олардың екі жауы бар – журналист
Фото: istockphoto.com
1,137
оқылды

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы мектеп оқушыларының өзіне қол жұмсауына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Ол бұған ата-аналардың жауапсыздығы себеп болып жатқанын алға тартты.

“Алматыда тағы да 12 жасар қыз көпқабатты үйден секіріп қайтыс болды. Бір аптаның ішінде үш қыздың секіріп өлуі – трагедия. Бұл балаларды өлімге итермелеп жатқан ешқандай да ойын емес! Далбаса әңгіме! Немқұрайлылық! Иә, өздеріңіз жіберген қателіктер. Мектептегі буллинг, есірткі заттар және лудомания. Осылай кете береді”, – деп жазды журналист.

Оның айтуынша, қазір жастардың жауы – есірткі мен лудомания. 

“Себебін тереңнен қазыңыздар! Балаларыңыз сіздер жұмысбасты болып жүргенде далада небір сұмдық қылықтарды жасап жүргенін ұмытпаңыздар! Аналар, суицид жасаған баланың өліміне басқаны кінәламаңыздар. Олардың жауы – есірткі мен лудомания. Мықты болсаңдар, осы жыланның басын шабыңдар! Балаң ақша сұрай берсе, осы екеуінің бірімен ауырады деп ойлаңдар!”, – деді БАҚ өкілі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.