Бүгін ауа райы қандай болады?
Жауын-шашын, үсік, жел: 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
854
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, салқын ауа райы күтіледі. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда нөсер жаңбыр күтіледі, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус аяз күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау, Жетісу облыстарының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, Маңғыстау облысының шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.