Олар сарбаздың бұрынғы қызметтестері болып шықты.
Ұлттық ұлан сарбазын пойызда соққыға жыққандар ұсталды
1,209
оқылды

Астанада Ұлттық ұлан жауынгерін пойыз тамбурында соққыға жыққан күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың орналасқан жерлері анықталды.

– Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды, – делінген хабарламада.

Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнежазбаны түсірген адамға да құқықтық баға беріледі. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке кінәлілерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.