Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген.
Алматыда «Қазпоштаның» екі кассирі 80 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырған
386
оқылды

Алматы облысының прокуратурасы көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін қаражаттың түсуіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша «Қазпошта» АҚ-да бюджет қаражатын ысырап ету фактілерін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 

Осы факті бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, іс жүргізу Алматы облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді.

– Тергеу барысында «Қазпошта» АҚ кассирлері түбіртектерді бұрмалау арқылы төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденгені анықталды. 

Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген.

Келтірілген залал сомасы 80 млн теңгеден астам, – делінген ақпаратта. 

Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) бөтен мүлiктi иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру және материалдық жауапты, сондай-ақ басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.