Кездесуге келгендердің сөзінше, электр энергияның тұрақты және қолжетімді тарифі өндірістегі тиімсіз үстеме шығындарды азайтуға ықпал етеді.
АЭС салынса, отандық өнім келешекте бәсекеге қабілетті болмақ – сарапшы
1,387
оқылды

Жалағаш ауданында болған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов пен облыстық Халықтық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов Таң ауылының тұрғындарымен кездесіп, АЭС бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Бүгінде қолданысымыздағы көп дүние электр қуатымен байланысты. Барлық тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар және интернет соның арқасында жұмыс істейді. Ол үйімізді, көшелерді жарық етеді, ал соңғы кездері онымен көлігімізді де қуаттайтын болдық», – деді ауыл тұрғындарына электр энергиясының маңызы туралы айтқан Мархабат Жайымбетов.

Одан кейін кездесуде Халықтық штаб төрағасы әлемдегі энергия көзінің тапшылығы туралы да айтты.

«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Бұл орайда Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет екенін айтқан. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз қажет. Еліміз қарыштап дамыған сайын тұрғындардың да электр қуатына деген қажеттілігі күн санап артып барады. Егер бүгінді бағдарлы, келешекті кемел етеміз десек, АЭС салудың маңызы зор деп санаймын», – деді сөз барысында Алмасбек Есмаханов.

Ал тағы бір сарапшының пікірінше, АЭС-тің отандық өнімдердің шетте экспортталуына өте қолайлы жағдай жасайтынын алға тартады.

«АЭС қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа жағдай жасайды. Электр энергияның тұрақты және қолжетімді тарифі өндірістегі тиімсіз үстеме шығындарды азайтуға ықпал етеді. Ал бұл қадам жаңа технологияларды енгізуге, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік береді. Әлемде 2060 жылы көміртегі салығы қарқын ала бастаған кезде, біздің отандық тауар шетелдік нарықта бәсекеге түсе алады», – деді Өмірзақ Елеусінов.

Жиында АЭС бой көтеруі арқылы болашақта энергия көзінен ешқандай кедергіге тап болмайтынымыз бен оған әлемдегі АЭС арқылы қуат көзін ұтымды пайдаланып отырғаны елдер дәлел екені айтылды. Сонымен қатар спикерлер тұрғындарды 6 қазан күні өтетін референдумға бір кісідей қатысып, өз позициясын білдіруге шақырды.

Сенаторлар медицина саласы өкілдерімен АЭС-тің жай-күйін талқылады

Адам жанының арашасы, медицина мамандары – қай заманда болсын, үлкен құрмет пен мәртебеге ие. Қиын да жауапты маман иелері күніне ондаған науқас қабылдап, емдеп, ота жасап, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Әрине, жиында көпшілікті толғандырған сауалдың бірі атом энергиясының қоршаған ортаға, адамзатқа ықпалы жайлы сөз болды.

Басқосуда Халықтық штаб мүшесі Руслан Рүстемов:

«Жақында Алматы іргесіндегі Ядролық физикалық институт жұмысымен таныстық. 1957 жылы негізі қаланған орталық – еліміздегі жетекші ғылыми ұйымның бірі. Бұл жақта ғалымдар уранды толығымен іске жаратып, пайдалану жұмысын жүргізіп жатыр. Іске жаратуға мүмкіндігі жетпеген бөліктерін арнаулы сақтау орындарына жинап, уақыт өте жаңа технологиялар көмегімен 90 пайызға дейін пайдаланып, қалдықсыз жұмыс істеуге ниетті. Бүгінде қоғамға атом станциясы салынған жағдайда, оған қанша мөлшерде су кететіні, оның қауіпсіздігі жайлы ақпарат өзекті. Біз осы үшін арнайылап орталықтың жұмысымен танысқан едік. Станция тұтынатын су көлеміне келер болсақ, Балқаш көлінің булануынан ауаға тарайтын су мөлшерінің 0,32 пайызы ғана станция жұмысына жетіп артылады. Сондай-ақ орталықтың жұмысын «МАГАТЭ» халықаралық ұйым ұдайы бақылайды. Ұйым мүшелері ресми, бейресми түрде де тексеру-бақылау жұмысын жүргізеді екен», – деді.

Еуропа, АҚШ, Ресей секілді елдерде атом энергетикасын қалай пайдаланып отырғаны айтылды

Кездесуде атом энергетикасының стратегиялық мақсаты мен міндетін талқылады.

Өз сөзінде штаб мүшесі Наурызбай Байқадамов:

«Қазақстанға бес Франция сияды дейміз. Сол Францияның өзінде 56 атом станциясы жұмыс істеп тұр. Бүгінде халқымыз тұтынатын электр қуатының бір бөлігін көрші Ресейден сатып алып отырмыз. Бұл бір жағынан энергетикалық тәуелділік болса, екінші тұсынан тариф бағасының өсуі де халық қалтасына ауыр соғатыны анық. Сондықтан елімізде атом энергетикасының тиімділігін арттырып, пайдасын көру қажет. Біздің жер қойнауында пайдалы қазбалар жеткілікті. Соның бірі – уран. Уранды өндіру, атом энергетикасын дамытуда елімізді білімді мамандар бар. Жақында біз барған Ядролық физикалық институт өкілдері келешекте қажетті мамандарды даярлауға мүдделі екенін атап өтті. Сондықтан Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен стратегиялық маңызды мақсат-міндеттерін әлеуметтік буын өкілдері ретінде сіздер дұрыс түсініп, қолдайды деп ойлаймын», – деді.

Басқосуда қалалық Халықтық штаб төрағасы Ибадулла Құттықожаев атом энергиясының қоршаған ортаға тигізер ықпалы мен экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған негіздерге тоқталды.

Кездесу соңында сала өкілдері атом энергетикасына қатысты сауалдарын жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.

Байқоңырлық жастар АЭС құрылысын қолдайды

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев Байқоңырлық жастармен жүздесті.

Республикалық Халықтық штаб мүшесі Қазақстанның жаһандық прогрестен тыс қалмауы қажет екенін айтып, АЭС салудың маңызына назар аударды. АЭС құрылысы жастарға үлкен мүмкіндік тудыратынын, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары мен ғылыми зерттеулердің кеңеюіне жол ашатынын ерекше атап өтті.

«Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін бізге АЭС секілді ірі жобалар қажет. Бұл жоба тек энергиямен қамтамасыз етумен шектелмейді, сонымен қатар еліміздің ғылыми әлеуетін арттырады, жаңартылған технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Жастарға бұл жобада үлкен рөл беріледі, өйткені олар болашақтың мамандары. АЭС сынды жоғары технологиялық нысандарды басқаратын кадрлар болады», – деді М.Ергешбаев.

Өз кезегінде жастар АЭС салу арқылы еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізіп, ғылым мен технологияның жаңа деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік беретіні туралы тілге тиек етті.

Жастар атынан Байқоңыр қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Азамат Ердаулетов, Байқоңыр қалалық этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Ақерке Абдиканиева АЭС салу бойынша ой-пікірін білдірді.

«АЭС салу елімізге әлемдік деңгейде жаңа технологиялар мен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Жастардың бұл салада өз үлесін қосуы – өте маңызды. АЭС – жаңа деңгейдегі ғылым мен техниканың тоғысуы және біз, жастар, осы істің ортасында болуымыз керек», – деді А.Ердаулетов.

Ақерке Абдиканиева АЭС-тың жастарға беретін пайдасына тоқталып: «АЭС салу – еліміздің болашағына жасалған инвестиция. Біздің елде осындай ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы жастардың болашағына үлкен мүмкіндік ашамыз», – деп ойын жеткізді.

Жиынға қатысқан Қармақшы аудандық Халықтық штаб мүшелері Мақсат Есбенбетов пен Сейл Жұмадьяров өз сөзінде Атом электр станциясының құрылысы энергетика мен өнеркәсіп өндірісін әртараптандыруға ықпал етеді. Ол сондай-ақ Қазақстанның энергетика саласына заманауи технологияларды енгізуге әкеледі деп атап өтті.

Жиын соңында байқоңырлық жастар АЭС салу бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауап та алды.

Қaзaлылық apдaгepлep АЭС құpылысынa қолдaу білдіpді

Қaзaлылық apдaгepлep AЭС құpылысын қолдaйды. Олap aтом элeктp стaнциясы eліміздің болaшaғы үшін қaжeтті жобaның біpі дeп сaнaйды. Бұл туpaлы AЭС сaлуды қолдaу жөніндeгі Хaлықтық штaб мүшeсі, ҚP Пapлaмeнті Мәжілісінің дeпутaты Мұpaт Epгeшбaeвтың aудaн apдaгepлepімeн өткeн кeздeсуіндe aйтылды.

Кeздeсудe Хaлықтық штaб мүшeсі Пpeзидeнттің AЭС сaлу туpaлы peфepeндум өткізу бaстaмaсының мaңызынa тоқтaлып, бұл қaдaм «Хaлық үнінe құлaқ aсaтын мeмлeкeт» тұжыpымдaмaсының көpінісі eкeнін aтaп өтті. Бұдан соң аудан ақсақалдарымен AЭС-тің apтықшылығын, олapдың экологиялық қaуіпсіздігі жәнe экономикaлық тиімділігін кeңінeн тaлқылaды.

«Eліміздe энepгeтикaлық кeшeндepдің 70 пaйызы тозып тұр. Сондықтaн қaзіpдeн бaстaп aтом энepгeтикaсының игілігін көpугe жұмыс істеуіміз қaжeт. Оның құрылысы ұзақ уақытқа созылады. Біз AЭС сaлу apқылы тұpaқты жәнe сeнімді қуaт көзін қaмтaмaсыз eтe aлaмыз. Aтом элeктp стaнциялapының көміp мeн гaздaн apтықшылығы – олapдың пapниктік гaздapды шығapмaуы жәнe экологиялық тaзa энepгия өндіpуі. Бұл – біздің eліміз үшін өтe мaңызды қaдaм», – дeді Хaлықтық штaб мүшeсі.

Aл өз кeзeгіндe қaзaлылық apдaгepлep біpaуыздaн aтом элeктp стaнциясының құpылысын қолдaйтындapын жeткізді. Олар мaңызды бaстaмa хaлықтың әлeумeттік әл-aхуaлынa, eл экономикaсының оpнықты дaмуынa оң ықпaл eтeді дeгeн пікіpдe.

Халықтық штаб өкілдері АЭС құрылысын қолдауға шақырды

Соңғы жылдары елімізде қатты сезіліп отырған мәселе – энергия тапшылығы мәселесі. АЭС құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мәселесін шешіп, оның алдағы экономикалық дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Күн тәртібіндегі өзекті мәселенің маңызын түсіндірген Халықтық штаб өкілдері білім саласындағы қызметкерлермен кездесуде осылай деді.

Атап өтейік, бүгін республикалық Халықтық штаб мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Әбенов Жалағаш ауданында болып, өңірлік штаб мүшелерімен бірге ұстаздар қауымымен кездесті.

Басқосуда 6 қазанда өтетін референдум мен Президент Жолдауының жүзеге асу барысы талқыланды.

Сөз арасында бүгінде АЭС идеясына қазақстандықтардың басым бөлігі қолдау білдіргені маңызды екенін атап өтті. Сондықтан партиялар мен жетекші қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Осы күні Халықтық штаб мүшелері өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесіп жатыр. Депутаттардың сөзінше, қазірдің өзінде халық тарапынан бейбіт атом идеясына үлкен қолдау байқалады.

«Бүгін біз елдің одан әрі дамуына әсер ететін барлық маңызды шешімдер халықпен бірге қабылданып жатқанын көріп отырмыз. Жаңа саяси мәдениеттің мәні осында. Біз барлығымыз бірге жаңартылған Конституция үшін дауыс бердік. Қазір халық қабылдаған шешімнің дұрыс болғанын көріп отырмыз. Бұл жолы да бірлесіп, еліміздің прогрессивті дамуына тағы бір батыл қадам жасауымыз керек. 6 қазанда біз батыл шешім қабылдап, АЭС құрылысына дауыс беруіміз керек», – деп атап өтті Мархабат Жайымбетов.

Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов кәсіби мамандардың дәлелді сөзі күмәншіл адамдар мен сыншылардың пікірінен басым түсіп, атом энергиясына қатысты халықтың қорқынышы мен үрейін сейілтуі өте маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында білім саласының қызметкерлері АЭС құрылысына қолдау білдіріп, барша қазақстандықтарды референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.

АЭС – тұрақты қуат көзі

Халықтық штаб мүшелері Өскемендегі «Трамвай паркі» АҚ компаниясының қызметкерлерімен кездесіп, 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызы мен еліміз бойынша қазіргі таңдағы энергия тапшылығы туралы айтты.

«Қазіргі уақытта АЭС-тің негізгі бәсекелесі жылу электр станциясы болғандықтан, сонымен салыстыру орынды деп есептеледі. Мысалы, қуаты 1,000 МВт болатын газбен қуатталатын жылу электр станциясында жылына 13,000 тоннаға дейін және көмірмен қуатталатын жылу электр станциясында жылына 165,000 тоннаға дейін күкірт газы, азот оксиді, көміртек оксиді, көмірсутектер, альдегидтер және күл сияқты зиянды заттар бөлінеді. Атом электр станциясында ауаға бөлінетін мұндай зиянды заттар мүлдем жоқ. Сондықтан да экологиялық жағынан таза, қуаты жағынан тиімді болып отыр», – дейді Энергетика саласының ардагері, ТМД елдерінің еңбек сіңірген энергетигі, Казақстанның еңбек сіңірген энергетигі Виктор Недовесов.