Шашты ұзын қылып өсірудің бірнеше тәсілі бар. Бұл туралы төмендегі материалдан оқыңыз.
Шашты қалай ұзын қылып өсіруге болады?
431
оқылды

Біраз адам шашты өсірудің әдісі жайлы ақпаратты ғаламтордан жиі іздейді. Сондықтан назарларыңызға шашты ұзын қылып өсіретін бірнеше пайдалы кеңес ұсынбақпыз.

Шаш жуу

Шашты салқындау сумен жуған жөн. Содан соң міндетті түрде шөп қайнатпасымен шайыңыз. Шаш су болса, тарамаңыз. Әйтпесе ол шашыңыздың құрылымын бұзады. Кептіргіш, үтік, бұйралағышты сирек қолдануға тырысыңыз. Олар шашты сынғыш етеді.

Нәрлендіру

Поливитаминдерді ішіп тұрыңыз. Кептірілген, тұздалған, маринадталған азықтарды жемеуге тырысыңыз. Сүзбе мен балықты тағам мәзіріне қосыңыз. Олардың құрамында кальций мол болғандықтан, шаштың өсуіне әсер етеді.

Маска

Эфир майларының құрамы шашқа пайдалы. Сол себепті маска таңдау кезінде құрамында эфир майының болғаны жөн.

Жұмыртқа сарысының маскасы

Жұмыртқаның сарысына өз қалауыңыз бойынша таңдалған кез келген эфир майынан 6 тамшы, 1 мл өсімдік майын қосыңыз. Шашты емдейтін жақсы майларға жожоба, авокадо, түймедақ, гүлшетен, сәлбен, лаванда, лимон жатады. Қоспаны шашқа жағып, пакетпен орап тастаңыз. 40-90 минуттан соң әдеттегідей басыңызды жуып алыңыз.

Сәбіз маскасы

Бір сәбізді үккіште үгітіп, керамика ыдысына салыңыз. Оған майсана майының 5 тамшысын, кішкене шай жапырағын және 1 шай қасық қаймақ қосыңыз. Барлығын араластырып алыңыз. Шашты жуу алдында осы қоспаны шашыңызға жағыңыз. Басыңызға полиэтиленді пакет жауып, жылы сүлгімен орап тастаңыз. Масканы 40-50 минуттан соң жуып тастаңыз.

Ал сіз шашты өсіретін қандай әдістерді білесіз?