Ер адамның асылып тұрғанын полицияға ЖШС бірінің күзетшісі хабарлаған.
LRT-да көз жұмған ер адам жайлы тың дерек шықты
Фото: Zakon.kz
1,051
оқылды

Астанада LRT тірегінде өз-өзіне қол жұмсаған ер адам туралы мәліметтер белгілі болды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы Қазақстанда суицид жағдайлары жиілеп кетті. Жақында ғана болған қайғылы оқиғалардың бірі 24 қыркүйекте Астанада тіркелді. 38 жастағы ер адам LRT тірегінде асылған күйде табылған.

Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша іс тіркелгенін хабарлады. Көз жұмған азаматтың асылып тұрғанын полицияға ЖШС бірінің күзетшісі хабарлаған.

Ақмола облысының тумасы. 2004 жылы Ерейментау қаласындағы орта мектепті, 2008 жылы Қарағанды университетін бітірген.

Оның әлеуметтік желіде белсенді өмір салтын ұстанғаны да белгілі. Мектеп кезінде Ерейментау қаласында КВН құрама командасының капитаны болған, студент кезінде математика факультетінің КВН командасының қатысушысы болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.