Ол әуесқой сазгерді нағыз халықтың өкіліне балады.
Қапастан шықса да қанаты сынбаған: Мұхаметжан Тазабек Мұрат Әбілданы мақтады
741
оқылды

Белгілі айтыскер, психолог Мұхаметжан Тазабек жақында ғана қамаудан шыққан блогер Мұрат Әбілдаға қолдау білдірді, – деп жазады Aikyn.kz.

"Мұрат Әбділда – қарапайым халықтың нағыз өкілі. Әйтпесе, елден ерекше, жұрттан артық ештеңе істеген жоқ. Бірақ, көптің шынайылыққа деген сұранысына жауап берді.

Жалпы, халқымыз өтіріктен, жалған қарым-қатынастан шаршады. Кім не айтса да “алдамаса екен, шынайы болсақ екен” деген аңсау әркімнің жүрегінде тұр…

Мұрат сияқты қапастан шықса да қанаты сынбаған, мінезі мұқалмаған, қарапайым халықтың қамын ойлап, көкейіндегісін дәл айтатын бауырларымыз аман болсын!", – деп мәлімдеді Мұхаметжан Тазабек. 

Айтыскердің пайымынша, блогер қолындағы барлық мүмкіндігін халықтың игілігіне жұмсап жатыр.