Қала әкімдігінің хабарлауынша, 70 жастан асқан барлық зейнеткерлер төлемақы алады.
Қарттар күні: әкімдік ақтаулық зейнеткерлерге қаржы береді
www.istockphoto.com
1,223
оқылды

Қала әкімдігі ақтаулық зейнеткерлерге 1 қазан – Қарттар күніне орай бір реттік материалдық көмек бермек. Төлем сомасы екі айлық есептік көрсеткішті (АЕК), яғни 7 384 теңге.

Әкімдіктің хабарлауынша, 70 жастан асқан барлық зейнеткерлер төлемақы алады.

Санақ бойынша қазір Ақтау қаласында жасы 70-тен асқан 10 066-дан аса қарт бар.

"Сондықтан төлемнің жалпы сомасы 10 066 адамға 74,3 млн теңгеге шығады" деп хабарлады әкімдік.

Айта кетер болсақ, елімізде 1 қазан – қарттар күні. Бұл мереке, яки Халықаралық қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды.