СҚО мен Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысында күртік қар жаууы мүмкін.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: istockphoto.com
936
оқылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қазақстандық жүргізушілерге ауа райының нашарлауына байланысты үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

"Құрметті жол пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", – деп ескертті компания өкілдері.

Ведомство мәліметінше, СҚО мен Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысында күртік қар жаууы мүмкін.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жауын жауып, таулы аймақтарда қар түсуі мүмкін.

Осыған байланысты ұлттық компания жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін алдағы үш күнде күн суытып, аяз түсетіні хабарланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.