Qazaqstan республикалық телерадиокорпорациясы жаңа телевизиялық маусымдағы жобаларының таныстырылымын өткізді.
Жаңа маусымның жаңалығы көп
320
оқылды

Тікелей эфир студиясында өт­кен шараны телеарна тілшілері мен олардың жасанды интеллект арқылы жасалған образдары бір­ле­сіп жүргізді. Корпорация күз­гі мау­сымда аудиторияның барлық сегментінің сұранысына сай түрлі жанрдағы 28 жаңа бағ­дарлама, жалпы серияларының саны 150 бөлімді құрайтын 11 жаңа теле­хи­кая мен деректі фильм­дер серия­сын ұсынады.

Әр жұма сайын тікелей эфирде шығатын «Жақсылық жаса» ха­бары – қоғамға игілік, мейірбан­дық, жауапкершілік, жанашыр­лық секілді құндылықтарды ерлік іс­тері­мен танылған қарапайым кей­іп­керлер арқылы орнықтыруға бағыт­талған жаңа жоба. Теле­ви­зия­лық тревел-шоу форма­тын­дағы «Атамекен» атты жаңа жоба да эфирге шықты. Түсірілім тобы жаз бойы елдің 17 ай­ма­ғында болып, шалғай елді ме­кен­дер мен өндіріс ошақтарын арала­ды. Жоба арқылы өңірлердің ерек­ше­ліктері мен еңбек адам­дары­ның бейнесі және аймақтар­дың тыныс-тір­шілігі көр­сетіледі. Еліміздегі ең жоғарғы заң шыға­ру­­шы орган Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Парла­менті мен депу­т­ат­­тардың қыз­метіне арналған жаңа бағдар­ла­ма «Қос палата» деп атала­ды. Бағ­дарлама жүргізушісі Ирина Совет­жанқызы депутат­тық сауал­дар­­дағы мәселелерді кеңінен тар­­қа­­­тып, эксклюзив сұхбаттар жүр­гіз­­еді. Еліміздегі ең талантты ба­­ла­­­­лар­ды бір алаңға біріктірген «Дара бала» жаңа жо­басы да күзгі маусым аясында көрермен наз­ары­­на ұсынылды. 

Корпорация жаңа маусымда телехикаялар өндірісі бағыты бо­йынша 11 премьера ұсынбақ. Жал­пы бөлім саны 150 серия бола­тын жаңа телехикаялар ара­сында тур­изм, инклюзия, спорт пен мед­ици­на, құтқарушылар тақырыбы­на, отбасылық құнды­лық­тарды дәріп­теуге бағытталған драма, мелодра­ма­лар және Қазақ театры­ның 100 жылдығына ар­нал­ған «Шам түбін­дегі шындық», 1930-1940 жылдар­дағы айшықты мә­дени оқиғалар мен сол жылдар­дағы Ахмет Жұ­бан­ов, Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский бастаған қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлға­лары­на арналған «Жел үстін­дегі вальс», жазушы Сайын Мұрат­бек­ов шығармасы­ның желісімен Жең­іс­тің 80 жыл­дығына орай түс­ірілетін «Жабайы алма» тарихи телехикаялары бар. Сонымен қоса, биыл Корпорация Бердібек Соқ­пақбаевтың «Он алты жасар чемпион» шығарма­сын экраниза­ция­лайды.

«Қа­зақ қызы» сериясымен шыға­тын деректі жо­ба­ларымызда Ғайни­жамал Дулат­ова, Зейнеп Бөкей­хан­ова, Нәзипа Құлжанова, Гүл­сім Асфендиярова, Аққағаз Дос­жан­ова, Мүбинә Ния­зо­ва секі­л­ді әр саладан шыққан тұң­ғыш қайраткер әйелдердің еңбек­терін насихаттауды мақсат еттік. Келер жылы бұл циклды тарихи телехикаяға айналдыруды жоспар­лап отырмыз», – деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Корпорация құрамындағы Abai tv телеарнасынан бұл мау­сымда классикалық музыка мен театрдағы әлемдік деңгейдегі төл туындыларды терең талдайтын «Арнау», зияткерлік бағыттағы «Ой­мерген», кітап оқу мәдениетін қалыптастыруды көздейтін «Мен­ің кітапханам» жаңа хабарлары эфирге шығады. «Balapan» теле­арнасы кішкентай көрермендерге 20-ға жуық жаңа жоба мен мульт­хикаялар ұсынады. Оның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы iBars зияткерлік теле­визиялық байқауы, ғылыми экс­перименттер арқылы балаларды ғылымға баулуды көздейтін «Ғы­лымға саяхат», ата-аналар мен бала­лар бірлесе сайысқа түсетін «Ойзерек» танымдық жобасы бар.