Үйдің құжатын сұрағанда, оны бермегеннен кейін көңілінде күдік пайда болғанын айтты.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова полицияға шағым түсірді
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
771
оқылды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үй сатып аламын деп алданып қалғанын, осыған байланысты полицияға арыз түсіргенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Естеріңізде болса, 2021 жылы зор қуанышпен өздеріңізден сүйіншілеп,  TUMARGrandVillage  құрылыс компаниясынан үй алғанымды хабарлап едім?! Сол жылы балаларым “Анашым, жер үйге көшейікші, өзіміздің ауламыз болса, бақшасына жемістер егейік” деп сұрады. Бұл ой маған да ұнады. Сол сәттен бастап, үй іздеуге кірістім. Өз пәтерімді сатуға шығарып, тез арада көшкім келді. Бар ойым үйімді сатып, жер үй салу немесе сатып алу болды. Астанадағы коттедж салатын бірнеше компанияларға да бардым. Сол ізденісте жүргенде  TUMARGrandVillage  қалашығын көрдім де, ұнатып, сол жерден үй алғым келді. Нәтижесінде, құрылыс компаниясының негізін қалаушы Диляра есімді келіншекпен таныстым. Ол маған мынадай ұсыныс айтты. “Сен сатуға қойған пәтеріңді менің інім Диардың атына жазып бересің. Біз саған TUMARGrandVillage  қалашығын 1 жылда екі қабатты жер үй салып береміз. Ал оған дейін сен пәтер жалдап тұрарсың” деді. Мен келісе кеттім. Ойымдағы үйдің табылғанына қуанғаным да рас. Содан күтумен арада 2 жыл өтеді. Мен пәтерден-пәтерге көшіп шаршадым. Жалдап тұру балаларымның да ашуына тие бастады. 2024 жылдың көктемінде менің үйімнің жақын арада бітпейтінін түсініп, Диляраның алдына бардым. Бұдан артық күте алмайтынымды жеткізіп, өз үйімді қайтарып беруін сұрадым. Сол кезде ол менің пәтерімді банкке кепілдікке (залогқа) тіккенін естіртіп, ол үйде тағы бір інісі Әбілхан отбасымен тұрып жатқанын, қайтарып бермейтінін айтты»,  дейді актриса.

Үйдің құжатын сұрағанда, оны бермегеннен кейін көңілінде күдік пайда болғанын айтты.

"Жақсы, оған да көндім, «Ендеше мынау бітпей тұрған жер үйімді өзім болса да, аяқтайын, соның құжатын берші» деп талап еттім. Себебі әкімшіліктен объектіні пайдалануға қабылдау актісі құжатын жасатпақ болдым. Бірақ соғылып жатқан үйге де, жерге де құжат бермеді. Не мардымды жауап та ала алмадым. Осы кезден көңілімде күдік пайда болды. Іздене бастадым. Сол кезде сұмдық жайды білдім. Менің үйім деп жүрген құрылысты, жерді маған айтпай, "Аграрлы кредиттік корпорацияға" кепілдікке салып жіберген. Бір қызығы, мен аудандық сотқа барарда, Диляра маған алдын ала білгендей ескертті. "Сен сотта жеңілесің! Қаласаң да, қаламасаң да, күтесің!" деді", деп жазды ол. 

Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жайтты не үшін жариялап отырғанын түсіндірді.

"Біріншіден, TUMARGrandVillage қарап жүрген болсаңыздар, ойланыңыз! Менің қателігімнен сабақ алып, алданып қалмаңыз. Екіншіден, аудандық соттың шешімі әділ болмады. Неліктен соттың қарсы тарапқа бүйрегі бұрғандығы туралы фактілер анықталды. Оны алдағы қалалық сотта дәлел ретінде қолданатындықтан, ашып жазуыма болмайды. Алдағы қалалық соттың әділ өтетіндігіне сенгім келетінін жеткізу",  деді актриса.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.