Дайындалған синтетикалық заттардың қара нарықтағы құны – 34 млн теңге.
Ақмола облысында ірі есірткі арнасы жойылды
GOV.KZ
370
оқылды

Ақмола облысында зиянды заттармен байланысты тағы бір қылмыс анықталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

 24kz телеарнасы жазғандай, тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан 34 келіге жуық марихуана тәркіленді.

Дайындалған синтетикалық заттардың қара нарықтағы құны  34 млн теңге. Одан бөлек, 5 млн теңге болатын 2 келіден астам гашиш табылды.

54 жастағы ер адам есірткіні тек өз үйінде  емес, жалға алынған жертөледе де сақтаған.

Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.