Әзірге істің мемлекеттік сатып алулармен байланысты екені ғана белгілі.
Шымкентте университет ректоры 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді
М.Әуезов атындағы ОҚУ
2,384
оқылды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, мұндай ақпарат әуелі әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда оқу орнының тағы екі лауазымды тұлғасы мен екі компанияның басшылары қамауға алынғаны хабарланған.

 Экономикалық тергеу департаменті ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

«Қазір тергеу жүргізілуде. Тергеудің құпиялылығына байланысты ақпарат жария етілмейді»,  деді Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Санат Құлбаев.