Үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматының жанындағы Күш ауылында жоғалып кетіп, бірнеше ай бойы іздеуде болған.
Үш жасар Айя-Софияның өліміне қатысты күдіктілер анықталды
936
оқылды

Полиция Алматы облысында жоғалып, кейін денесі табылған үш жасар Айя-Софияның өліміне күдікті ретінде кімдер ұсталғанын хабарлады, - деп жазады Aikyn.kz.

Tengrinews.kz порталы жазғандай, қыздың анасы мен азаматтық некеде бірге тұрған ер адам қамауға алынған.

Шілде айының соңында полицейлер жоғалған балаға тиесілі сүйек қалдықтарын тапты. Бұл кезде полицейлер қылмысқа күдіктілер ұсталғанын хабарлап, бірақ олардың жеке басын ашпаған болатын.

Алматы облысының Полиция департаменті қызды өлтірді деген күдікпен кім ұсталғанын мәлімдеді. Айтуынша, қазір баланың анасы мен оның бірге тұратын адам ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайлар анықтауға бағытталған. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады", – делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында үш жасар Айя-София із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүлдіршін 17 наурызда үйінен шығып кеткен, кейін оны ешкім көрмеген. Қыздың анасы полицияға сол күні кешке хабарласқан. Кейін Полиция департаменті Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды біреу өлтіріп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.