Әнші Гүлназ есімді қызды өзі ұзататынын да айтты.
Мөлдір Әуелбекова бала күтушісіне ерекше сыйлық жасады
4,732
оқылды

Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова бала күтушісінің туған күніне орай күтпеген сыйлық жасады, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мөлдір Әуелбекова бала күтушісімен түскен видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Туған күнге жаңа айфон! Бұйырса, Гүлназым тұрмысқа шығамын дейді! Керемет жаңалық! Өзім ұзатамын! Бірақ басқа няня алу қандай қиын болады бізге…", – деп жазды ол.

Гүлназ есімді қыздың Мөлдір Әуелбекованың қол астына істеп жүргеніне үш жыл болған.