10 ұшып келу және 5 ұшып кету рейсі кейінге қалдырылды.
Ақтау әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Фото: Ақтау әуежайы
642
оқылды

Ақтау әуежайының өкілдері әуе рейстерінің кешігуіне байланысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

«Құрметті жолаушылар! 2024 жылғы 29 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де ауа райы жағдайына байланысты (ұшу-қону бағыты бойынша желдің күшеюі) 10 ұшып келу және 5 ұшып кету рейсі кейінге қалдырылды. Сіздерді әуежайдың ақпараттық тақтасында рейс күйін тексеруді, сондай-ақ авиакомпанияның хабарламаларын қадағалауды сұраймыз. Ақтау әуежайында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдық болып саналады. Түсіністікпен қарауыңызды өтінеміз»,деп жазды әуежай өкілдері Instagram парақшасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.