"Қазгидромет" РМК қазан айының алғашқы күндерінде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Елімізде қазан айының алғашқы күндерінде ауа райы құбылмалы болады.
Солтүстік-батыс антициклон әсерінен Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс өңірлерде ауа райы құрғақ және шуақты болады.
Республиканың өзге аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Ауа температурасы бойынша күрт өзгерістер болмайды.