Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі ресми мәлімдеді.
Астанада референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін
302
оқылды

6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл күні Астана автобустарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

6 қазанда Республикалық референдум өткізілетін күні қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады.

Автобустар таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.