Келес ауданында зорлық-зомбылық салдарынан 13 жасында бала босанған қыз жыл басынан бері мектепке бармай отыр.
Келесте зорланған 13 жастағы оқушы қыз босанған
Фото: istockphoto.com
548
оқылды

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарын қорытындылап,  аймақтағы жантүршігерлік жағдайларды жария етті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Келес ауданында зорлық-зомбылық салдарынан 13 жасында бала босанған қыз жыл басынан бері мектепке бармаған. Мектеп директорының орынбасары бұл жағдай туралы хабардар болғанына қарамастан, ешқандай шара қолданбаған және жағдайды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жібермеген»,  дейді Динара Зәкиева.

Осындай жағдайларды болдырмау үшін Динара Зәкиева Қазақстанда қамқоршылық органдарының қызметкерлерін көбейту керек екенін айтады.

«Олардың саны 5 мың балаға  шаққанда 1 қызметкер болуы керек. Мысалы, Сарыағаш ауданында қазір 58 мың балаға 1 қызметкер бар. Қызметкердің өзі үлгермейтінін айтады. Әр баланың құқықтары әр жағдайда қорғалып, нәтижеге жетуі керек»,  деп жазды Динара Зәкиева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.