1 АҚШ долларының орташа бағамы – 481,19 теңге.
Доллар бағамы 1,69 теңгеге қымбаттады
Фото: zakon.kz
339
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша,  доллар бағамы 1,69 теңгеге қымбаттады. 1 АҚШ долларының орташа бағамы – 481,19 теңге. 

Ұлттық банктің 30 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 479,23 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,16 теңге. Еуро – 534,96.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 479,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 480,5 теңге. Еуро 535,5-540 теңге аралығында саудалануда.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 478 теңге, сатып алу құны – 482 теңге.

Еуро 532 теңгеден сатылып, 538 теңгеден сатып алынады. Ресей рублі 5,07-5,22 теңге аралығында саудаланып жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.