Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік өткізу бекеті бірнеше күнге жабылады.
Қазақ-қытай шекарасы уақытша жабылады
Фото: dzen.ru
1,564
оқылды

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік өткізу бекеті бірнеше күнге жабылады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz

"ҚХР-дың құрылған күнін мерекелеуге байланысты биыл 1 қазаннан 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу пункттерінде  адамдар, көліктер мен жүктер өткізілмейді", - деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.

Қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығы енгізілген шектеулерді ескеріп, маршрутын алдын ала жоспарлауға тиіс.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.