Актриса алданып қалған жалғыз өзі емес екенін айтты.
"Бірнеше адам сотқа шағым түсірдік": жақын адамымен соттасып жатқан Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа деректермен бөлісті
Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial/Instagram
2,111
оқылды

Жақында алаяқтарға алданып, үйінен айырылып қалғанын айтқан Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа деректермен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

"Tumar Grand Vilage құрылыс компаниясынан үй алып, алданып қалған жалғыз мен емеспін. Бірнеше адам болып сотқа шағым түсірдік. Алдағы уақытта сот барысын қалдырмай өздеріңізге баяндап отырамын. Уайымдап жатқан баршаңызға рақмет",  деп жазды ол әлеуметтік желіде

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзін алдап кеткен адаммен қалай соттасқалы жатқанын айтқан болатын.