Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 3 қазан күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін белгілеп, палатаның алдағы іс-шараларын пысықтады.
Отырыстың  күн тәртібін белгіледі
242
оқылды

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Құжат­тың нормалары жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын болдырмауға, аса қауіпті ауру­лардың зертханалық диагнос­тика­сын жетілдіруге, сондай-ақ микро­организмдердің (штамм­дардың) ұлттық коллек­цияларын толықтыруға және Келісімге қа­тысушы мемлекеттердің аумақ­тарын эпизоотиядан қор­ғауға ба­ғытталған.

Сонымен қатар аталған ха­лық­аралық құжатта тараптардың эпизоотиялық ахуалы мен ғылы­ми мүдделерін ескеретін аккре­дит­телген және рефе­ренттік зерт­ханаларда биологиялық ма­те­риал­ға зертханалық зерттеулер жүргізу қарастырылады. Мате­риал­ды іріктеу, қаптау және тасы­малдау ха­лықаралық стандарт­тарға, оның ішінде Дүние­жүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымының ұсынымдарына сәй­кес іске асырылады.

Сондай-ақ бюро отырысында Мәжілістен ке­ліп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты комитеттерге бөлініп берілді.