Тауарлар көп болған сайын олардың арасынан өзіңізге қажетін, сапалы әрі арзанын табу да қиындай береді. Тұтыну нарығында жаңа қолданбалар бұл мәселені сіз үшін оңтайлы шеше алады.
Radar сізге бренд тауарларды арзан бағаға сатып алуға көмектеседі
Бұндай Louis Vuitton Rei Kawakubo сөмкесін арзан бағаға табуға Radar көмектеседі. Фото Financial Times сайтынан алынды
742
оқылды

Ақылды, үнемшіл сатып алушыға қажет қолданбаның қызметін Financial Times басылымына сілтеме жасаған  Aikyn.kz талдайды.

Бүгінгі тұтынушы бағаларды бақылап, жаңа сапалы бұйымдарды арзан бағаға сатып алғысы келеді. Фото myjane.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Rusmediabank / Syda Productions

Ақпаратқа тұншыққан бүгінгі күннің тұтынушысы бағаларды бақылап, жаңа сапалы бұйымдарды арзан бағаға сатып алғысы келеді. Бірақ оған көп уақыт пен энергия қажет. Бірақ оларға технологиялық құралдар көмекке келуде. Сатып алушының жеке сұранысына сай, оның қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді іздеп, ұсынатын қолданбалар да интернетте көп кездеседі.

Бүгінде көпшілік тұтынушылар өздерінің сүйікті интернет-дүкенінен жаңа өнімдер іздеп аптасына бірнеше рет шолып отырады. Әрбір тұтынушының өзінің стратегиялары бар, олар өте көп. Қазір бренд тауарлардың бағасы шарықтап бара жатқанымен, электрондық коммерцияның көмегімен сапалы да, қымбат та емес ұсыныстарды табуға болады.

 «Бәрімізде уақыт шектеулі, біз көп уақытымызды желіде тауарлар іздеп, беттерді айналдырумен өткіземіз», – дейді Эмили Гонт.

Гонт – бөлшек сауда, қайта сату және жалға алу платформаларында бағаларды салыстыратын және бақылайтын жаңа британдық Radar қолданбасының негізін қалаушы. Желіде бірдеңені көргенде, «менің Radar-ыма қосу» түймесін басыңыз; содан кейін қолданба тауардың бағасын табу үшін сауда платформаларын сүзгіден өткізеді және пайдаланушыға бағаның төмендеуі мен сатылымы туралы ескертуді push хабарлама түрінде жібереді.

Қолданбалар сізге Phoebe Philo Club лофері сияқты өткен және ағымдағы маусым өнімдерін тауып, бағаларын салыстырады. Фото Financial Times сайтынан алынды

«Біз адамдар Radar-ды пайдаланып, «мұнсыз біз қалай сауда жасағанбыз» деп айтқанын қалаймыз. Біз тауарды іздеуді азайтамыз. Мұның бәрі тұтынушыларға салмақты, ақылды сатып алу шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді», – дейді Гонт.

Radar бөлшек сауда, қайта сату және жалға алу платформаларында бағаларды салыстыруды және бақылауды ұсынады. 

«Мен осы заттардың барлығын бір жерде сақтай алатын, сол бағаларды үнемі қадағалап, содан кейін сатып алуға ең жақсы орындарды табу үшін оларды нарықта салыстыратын қолданба жасағым келді», – дейді Гант өзінің идеясын түсіндіріп.

Гант қолданбаның концепциясын 2023 жылдың қаңтарында бастап, 2024 жылдың наурызында алғашқы нұсқаны іске қосқан. Алты айдан кейін қолданбаның шамамен 2000 пайдаланушысы болды және олар аптасына орта есеппен төрт рет қайтадан қолданбаға кіріп қолданды.

Radar-дың негізгі пайдаланушылары – 30-35 жас аралығындағы әйелдер. Олар технологияны жақсы меңгерген, уақыты шектеулі сатып алушылар, ақша жұмсауға дайын, бірақ ақшаны ысырап етпейтініне сенімді болғысы келетін үнемді тұтынушылар. Егер сіз тойға баруға дүкен аралап, өзіңізге ұнайтын Self-Portrait көйлегін 480 долларға тапсаңыз, онда Hurr бұндай көйлекті 87 долларға жалға беретінін және Vestiaire Collective-те бұл көйлек 293 доллар тұратынын Radar сізге бірден хабарлайды. Сізге ақшаңызды үнемдеп қажетті шешім қабылдау ғана қалады.

Тойға баруға Self-Portrait көйлегін 480 долларға тапсаңыз, онда бұндай көйлек Vestiaire Collective-те 293 доллар тұратынын Radar сізге бірден хабарлайды. Фото self-portrait.com сайтынан алынды

Radar бағаны бақылауды ұсынатын жалғыз қолданба емес. Lyst қолданбасында пайдаланушылар сүйікті дүкендеріндегі қажетті заттардың тізімін жасап, тауарлар сатылымға шығарылған кезде ескертулер алады.

Бүгінгі іздеулердің 90%-ы қазір бренд атауларын қамтиды, көптеген ізденімпаз тұтынушылар (соның ішінде сән индустриясынан тыс адамдар да) нақты өнімдерді, SKU нөмірлерін және науқандарды іздейді. Тұтынушылар қазір бренд туралы көп біледі және брендтердің немен танымал екенін жақсы түсінеді. Олар жәй қара балетка емес, нақты Alaïa Strass-ты іздейді.

Қолданбалар тұтынушылар үшін ауыр жұмысты атқарады. Бұрынғыдай сауда орталықтарын аралап, өзіңізге қажетті бұйымды іздеудің қажеті жоқ. Бәрі сіздің қолыңыздағы смартфонда. Тек өзіңізге ыңғайлы қолданбаны жүктеп, шешім қабылдасаңыз болғаны. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.