5 қазан – Ұстаздар күні.
Ұстаздар күнінде мұғалімге гүл сыйлауға бола ма? – Министрлік жауабы
6,149
оқылды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мереке қарсаңында "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?" деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Былтыр Үкімет қаулысымен Ұстаздар күнін атап өту 5 қазанға бекітілген болатын.

- Мереке қарсаңында әріптестерден "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?" деген сұрақтар түсе бастады. Осы орайда аталған сұраққа қатысты ұстанымды білдіргім келеді. Ұстаздар күні расында ерекше күн, мереке педагогтардың біздің өміріміздегі маңызды рөлін тағы бір еске салады. Сондай-ақ бұл – бізді тәрбиелеу мен оқытуға бар күш-жігерін жұмсаған ұстаздарға алғыс білдірудің мүмкіндігі.

Гүл сыйлау, жақсы лебіз білдіру – біздің мұғалімдерімізге білдіретін алғыс сезіміміздің белгісі. Мұндай ықылас ұстаз еңбегінің маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты нығайта түседі. Айта кету керек, ұстазға құрмет көрсету ұрпақтар арасында сақталып келе жатқан дәстүр", – дейді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы.