Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев әйелі Мархабат пен жақында дүниеге келген қызын перзентханадан шығарып алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Сәкен Майғазиев Instagram-дағы парақшасында жазып, перзентхана алдында түсірілген видеоны жариялады. Видеодан байқағанымыздай, перзентханаға әншінің жақындары мен достары да барған.
- А-а-ал, қызымыздың бауы берік болсын! Мейрамбек-Мархабат, балапанымыз инабатты, ақылды, білімді болып өссін. Сіздерге де жұғысты болсын, – деп жазды Сәкен Майғазиев.