Қазіргі уақытта Атырау да еліміздегі басқа аймақтар сияқты ең жоғары жүктеме кезінде Ресейден келетін электр энергиясына тәуелді.
АЭС қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Тайсойған және Азғыр ауылдық округтерінде болды
428
оқылды

ҚР Мәжіліс Депутаты Дүйсенбай Тұрғанов және облыстық партия филиалының төрағасы Абдолла Идресов ауыл тұрғындарына референдумның маңыздылығын түсіндіріп, АЭС құрылысы еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға септігін тигізетінін айтты.    

«Тайсойған 1949 жылдан әскери полигонға айналып, мұндағы ядролық сынақ 1952 жылы басталған. Жалпы бұл жерге 24 мәрте ядролық жарылыс жасалған. Полигон 2000 жылдан бері жабылды. Ауыл тұрғындарының АЭС құрылысына, оның радиациялық қауіпсіздігіне қатысты алаңдауы бар. АЭС – біріншіден, бейбіт атом, екіншіден, технология қарқынды дамып жатыр сондықтан заманауи реакторлар қауіпсіз әрі экологиялық жағынан таза», – деді А.Идресов. 

Қазіргі уақытта Атырау да еліміздегі басқа аймақтар сияқты ең жоғары жүктеме кезінде Ресейден келетін электр энергиясына тәуелді. Бұл жоғары қаржылық шығындар, сонымен қатар, энергияның жетіспеушілігі көптеген экономикалық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Осыны түсіндірген штаб мүшелері ауыл тұрғындары да электр энергиясының үзілісін жиі орын алатынын айтты. 

«Қазір технологиялар тек шығармашылық мақсаттарда қолданылады: зертханалық ғылыми зерттеулер, радиофармацевтикалық препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі. Бұл сіздер үшін өте маңызды, өйткені, бұл аумақта жерасты жарылыстарының болған жақсы білесіздер. Бүгінгі даму деңгейіміз АЭС жұмысын барынша қауіпсіз деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Д.Тұрғанов. 

Сондай-ақ, штаб мүшелері Атырау-Астрахань тасжолындағы жолшылармен де кездесіп, елімізде АЭС-тың салынуы Қазақстанның энергетикалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Атом энергиясын қауіпсіз және сенімді пайдалану нормалары туралы түсініктеме берілді

"Qarmet" АҚ металлургия комбинатында 6 қазанда өтетін атом электр стансасының құрылысы туралы республикалық референдум қарсаңында "Бас энергетик бөлімі" және "Конвертор цехы" бастауыш партия ұйымының жиналыстары өтті. 

Жиналыс барысында атом электр станцияларын пайдалану ұзақтығына, атом энергиясын қауіпсіз және сенімді пайдалану нормалары мен қағидаларына қатысты қойылған сұрақтарға түсініктеме берілді. 

Әлемде атом электр станцияларын пайдалану ұзақтығын ескере отырып, халықаралық қоғамдастық атом электр станцияларын салу мен пайдаланудың белгілі бір ережелерін әзірледі. Атом энергиясын қауіпсіз және сенімді пайдалану нормалары мен қағидаларын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) белгілейді. МАГАТЭ сарапшылары Қазақстанға келіп, еліміздің атом электр стансасын салуға дайындығын растады. Сонымен қатар, апаттардың алдын алудың ең маңызды құрамдас бөлігі қолданылатын технологиялар болып табылады. Қазақстан пайдалану процесінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен ерекшеленетін жаңа буын III немесе III + АЭС салу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Келісті ой кесімді қолдау тапты

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен жүздесіп, еліміздің дамуында стратегиялық мәні бар энергетика кешенін жаңғыртуға арналған бастама жөнінде мағлұмат берді. 

Қазақстанда атом электр стансасын салу мүмкіндіктері туралы ғалымдар мен сала мамандары беріп жатқан ақпараттарға шолу жасап, тиімділіктері жайлы ой бөлісті.

Аудандағы Т.Бигелдинов, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептерде өткен кездесулерде штаб мүшелері елімізде атом энергетикасын дербес дамыту бағытында қажетті ғылыми және инженерлік ресурстар бар екенін айтты. Осы санатта Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, Алматы қаласындағы Ядролық физика институты бар екені мәлімделді. 

«Бұл институттар атом электр станциясын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету рөлін атқарады, ал қызметкерлері халықаралық МАГАТЭ сарапшылар құрамына кіреді», – деді Халықтық штаб мүшесі Бауыржан Елеусіз.

Ауданның орталық стадионында Халықтық штаб өкілдері спортшы жастармен кездесіп, атом электр станциясының ел болашағы үшін маңыздылығын түсіндіріп өтті. АЭС құрылысы Қазақстан экономикасы үшін энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру, заманауи технологияларды енгізу, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттарында жаңа мүмкіндіктер ашатыны жария етілді.

Келестік ұстаздар мен спортшылар жалпыхалықтық референдумға қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге дайын екендігін жеткізіп, еліміз үшін тағдыршешті таңдауда дамуға бастайтын прогрессивті идеяны қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Халықтық штаб АЭС құрылысы туралы түсіндірді

Халықтық штаб мүшелері «Абай жомарт жастарына» АЭС-тің энергетикалық қауіпсіздікке қосатын үлесі, оның экологиялық және экономикалық артықшылықтары жайлы түсініктеме берді.

Жастар белсенді түрде сұрақтар қойып, АЭС-тің қауіпсіздігі, радиациялық тәуекелдер және оны салудың қоршаған ортаға әсері туралы сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстандағы энергетикалық тәуелсіздік пен оның әлемдік нарықтағы рөлі де талқыланды.

Халықтық штаб мүшелері АЭС-ты ұзақ мерзімді пайдалану кезінде электр энергияның тұрақты тарифі қалыптасатынын, бұл қадам зауыттардағы өндіріс шығынын азайтуға және олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді. 

«Атом стансалары түтін газдары немесе мұнай өнімдері сияқты зиянды заттарды шығармайды. Атом электр стансаларының радиациялық әсерінің үлесі өте аз және әлемнің әртүрлі елдеріндегі атом стансаларының жұмыс тәжірибесі олардың адам мен табиғат үшін қауіпсіздігін дәлелдейді», – деп атап өтті штаб мүшелері.

Жастар пікірталасқа белсенді қатысып, атом стансасының қауіпсіздігі, олардың қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына әсері туралы сұрақтар қойды. Штаб мүшелері Қазақстанда АЭС құрылысы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына қатаң сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтіп, барлық сұрақтарға толық жауап берді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдауында да атом электр стансасын салудың артықшылықтары туралы атап көрсетті. Қазіргі заманауи технологиялар өте қауіпсіз. Атом электр стансалары қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірмейді, бұл технологиялар мұқият бақыланып отырады», – деп аудан белсендісі Қуаныш Қожағұл өз сөзін қорытындылады.

Жалпы, Абай ауданының жастары АЭС салу жобасына жан-жақты қолдау білдіріп, 6 қазан күні өз таңдауын жасайтынын айтты.

Ұлан ауданының жұртшылығымен кездесу 

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу бойынша Республикалық халықтық штаб мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Лұқбек Шабданұлы Тұмашинов және өңірлік халықтық штаб мүшелері Таврия ауылындағы жиһаз жасаумен айналысатын «Кучерин» ЖК және «Өскемен құс фабрикасы» АҚ  еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Лұқбек Тұмашинов өз сөзінде Қазақстан энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғанына тоқталды. Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% – қамтамасыз ететін көмір электр стансаларына аса тәуелді. Сол себепті елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет, деп атап өтті. Кездесуге қатысушыларды 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

Штаб мүшелері қауіпсіздік мәселері бойынша тоқталып, қазіргі АЭС-тердің сыртқы қабаты табиғи апаттарға, техногендік және антропогендік (жарылыстар, ұшақ апаттары және т.б.) әсерлерге төтеп бере алады деп атап өтті. Қазіргі станцияларда ыдыраған өнімдердің сыртқа шығуына жол бермейтін күмбез қолданылады. Аталған күмбез радиоактивті заттардың бөлінуіне жол бермейді. Бір сөзбен айтқанда радиоактивті заттардың бөліну ықтималдығы нөлге дейін төмендетілген. Бұл станцияларда ІІІ және III+ буынды реакторлар қолданылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.