Асылов осыған байланысты дабыл қағып, прокурорларға тапсырма берген.
Қазақстанда жол апаты көбейген – Берік Асылов
Фото: istockphoto.com
249
оқылды

2023 жылмен салыстырғанда биыл Қазақстандағы жол апаттарының саны 90% көбейген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желіде жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Асылов осыған байланысты дабыл қағып, прокурорларға тапсырма берген.

«Өткен жылмен салыстырғанда жолдағы апат саны 90% өсті. Жол-көлік оқиғалары құрбандарының саны да артқан. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында теріс үрдіс болып жатыр. Осыған байланысты, прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен жолдардың неғұрлым апаттық-қауіпті учаскелеріне назар аудару арқылы олардың себептерін анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырдым», –- деп жазды Берік Асылов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.