Бүгін Мәжіліс мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Министрлер өз үйін жалға беріп табыс таба алады: заң мақұлданды
Фото: istockphoto.com
405
оқылды

Қазақстанда Үкімет мүшелері өз пәтерлерін жалға беру арқылы табыс табуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Бүгін Мәжіліс мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Кулуарда журналистер Антикор басшысының орынбасарынан «заң қабылданса, барлық дәрежедегі шенеунікке баспанасын жалға беруге рұқсат етіле ме?» деп сұрады.

«Әзірге жалға бере алмайды. Бұл бірінші оқылым ғана ғой. Бірақ заң жобасында мұндай норма бар. Мен бұдан ештеңе көріп тұрғаным жоқ», – деп қысқа қайырды Сарқұлов.

«Яғни, Үкімет мүшелері, министрлер үйлерін жалға бере алады ғой?», – деп нақтылады журналист.

«Үкімет мүшелері иә», – деп жауап берді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.