Мұғалім оқушы қыздарға кешкі сағат 21.00-ден кейін WhatsApp-та сезімін білдіріп хат жазған.
Астанада 43 жастағы мұғалім оқушы қыздарға қырындағаны үшін жұмыстан қуылды
Фото: istockphoto.com
498
оқылды

Астананың №32 гимназиясында 43 жастағы тарих пәнінің мұғалімі 7-сынып оқушыларына қырындады деп айыпталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Мұғалім оқушы қыздарға кешкі сағат  21.00-ден кейін WhatsApp-та сезімдерін білдіріп хат жазған. Бұл оқиғаны оқушылардың ата-аналары әшкере қылған.

Ол мектепте 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап жұмыс істеген. Тарих пәнінің мұғалімі сынақ мерзімінде болған.

Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша педагог 30 қыркүйекте ҚР Еңбек кодексінің 14-тармағы 52-бабы аясында жұмыстан босатылған.

«Бүгінде қалалық Полиция департаменті осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады Астана қаласы Білім басқармасы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.