“Құрмет” орденінің иегері, белгілі әнші Әли Оқапов денсаулығы сыр бергенін айтты.
Күйзелістен тапқан дертім – Әли Оқапов
Фото: https://www.instagram.com/aliokapov/
6,576
оқылды

Өнер иесі дауыс ырғағының бәсеңдеп қалғанына шағымданып, ем алып жүргенін жасырмады, – деп жазады Aikyn.kz.

“Бес жылдан бері дауыс мәселесімен күресіп келемін. Күйзеліс пен стрестен тапқан дертім. Қазір вокалдан сабақ ала бастадым. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Қандай жағдай болса да, мен өзіме сенемін және жаттығулар көмектеседі деп үміттенемін", – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, өнер иесінің айтуынша, дисфония – дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі екен. Ән айта бастаса тамағы қарлығып, өшіп қала беретін болған.